|  | 

Керекті кеңес

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма — министр жауабы?

ҚР Білім және ғылым министрлігі берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған.

«Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», — дейді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық

  • Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Оқу жылын бастау үшін қажетті нормативтік — методологиялық құжаттарды қабылдау маңызды. Тиісті құжаттардың барлығын дайындадық. Қашықтан оқыту технологияларын қолдану және оқыту форматтары бойынша егжей-тегжейлі әрі қадамдық нұсқаулықтар әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметін жүргізудің санитарлық талаптары да әзірленді», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қашықтан оқыту кезінде оқу процесінің принциптері

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog