|  | 

Жаңалық

Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды.

Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру.

Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры», шетелдегі Түркия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Швециядағы қазақ мәдени орталықтарының басшылары, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ф.ғ.д., профессорлары, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық филиалының басшысы қатысты.

 

Құрылтайдың модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Мейір Ескендіров болды.

Құрылтай шеңберінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Серғазыұлы қазіргі кезде сырттағы қандастарымызды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандастарға қамқорлық саясатының арқасында шетелдегі қандастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді», — деді ол.

Сонымен қатар, шара барысында жастар арасында қазақ тілін, тарихын және мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

    Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

    Жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Қабылданған шешімге сәйкес, бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық

  • Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсандағы сабақтарды қашықтан оқиды

    Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсандағы сабақтарды қашықтан оқиды

    Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді. «Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», — деді ол. Өз

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog