24.05.2024

Аида Балаева мектептегі ұстаздарына алғыс айтты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

«25 мамырда дәстүр бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдер оқу жылының аяқталуын атап өтеді. Ал түлектер білім және тәрбиенің бесігіне айналған алтын ұя мектебімен қоштасып, сан тараулы өмір жолына аяқ басады. Өкінішке орай, биыл балалардың көпшілігі соңғы қоңырау үнін естімейді, коронавирус пандемиясы адам жоспарларына түзетулер енгізді», – деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Ведомство басшысы сонымен қатар, еліміз үшін осынау қиын кезеңде, басқа да маңызды мамандықтар санатында ұстаз еңбегінің қадірін де, ауыртпалығын да, маңызын да көптеген қазақстандықтар терең сезінгенін баса тап өтеді.

«Осы орайда, өзімнің де асыл ұстаздарым, маған біліммен бірге, тәлім-тәрбие берген Алматы облысының Жамбыл орта мектебінің мұғалімдеріне алғысымды білдіремін. Мектеп қабырғасынан мұғалімдерімнің еңбегінің арқасында қалыптасқан қасиеттер маған мақсаттарыма жетуге, өз кәсібімді адаспай табуға, жемісті жұмыс істеуге және өмір бойы ізденісте болуға мүмкіндік берді. Еліміздің барлық түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын және мамандық таңдауда өте мұқият болуға кеңес беремін. Кәсіп – өмірлік рухани да азық. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқан кезде ғана бақытты бола алады. Мақсат қойыңыз, еңбекқор, тәртіпті және мақсатты болыңыз, сонда барлық армандар орындалады!», – деді Аида Балаева.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА