12 C
Нур-Султан
10.05.2021

Министрліктің алдағы уақыттағы он қадамы қандай болуы керек?!

САЛАЛЫҚ МИНИСТР: «БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ, БАСҚА ЖОЛ ЖОҚ».

Иә, басқа түскен қатер біздің елді ғана емес, адамзаттың алып елдерін де сынап жатыр.
Бұл індет, ең әуелі сынға алғаны, денсаулық сақтау мен білім жүйесін, әлеуметтік қызмет көрсету салалардың қаншалықты сапалы екенін жайып салды.
Жылдар бойғы реформалардың нәтижесі күлге ұшқанының куәсі болып, біздің елдегі білім жүйесінің «қотырларын» ашып берді.
Министрлік, басқа сын түскен жағдайда бірнеше қадам жасады. Біреулері мақтап, біреулері даттап жатыр. Кейбіреуі министр ұнайды, немесе ұнамайды деп жатыр. Министр ұнайтын-ұнамайтындай, суретшінің қолынан шыққан мұражайдағы картина емес. Ол — менеджер! Иә, адам ретінде ұнауы не ұнамауы мүмкін. Ал, менеджер ретінде елдің тізгінін қолында ұстап тұрған салалық ұйымның БАСШЫСЫ. Сондықтан, басшы, менеджер ретінде оның жұмысына баға беріледі.
Қателіксіз, әрине, болмайды. Бірақ, қателікті мойындап және тұтынушылар зардап шекпейтіндей уақытылы жою үшін шешім қабылдап жатса — ерлік. Егер, неғысада жұрттың көңілінен шығамын деп, бір жақты ғанан қараса жұмысына, онда түсініспеушілік орын алып, жұмысқа пайдасынан гөрі, зияны басым болады.
Жаңа технологиялардың артықшылығын, пайдасын, тиімділігін, қолжетімді болуы мүмкін екенін сезінген тұтынушылар, әрине, ендігісін ескі құралдардан бас тартып, неғұрлым өзіне ыңғайлысына бет бұратыны сөзсіз.
Сол сияқты, білім жүйесінде де, қашықтан білім беру, қашықтан білім алу, цифрлы технологиялар арқылы жетістікке жету — күнделікті өмірдің қалыпты жағдайына айналады.
Дегенмен, «басқа жол жоқ болса», не істеу керек? Немесе, біздің сыншыл-міншіл халық «не істейМіз»-деп емес, «осылар не істейді екен»-деп, құлақтарын күнде түріп, көздерімен желіні күнде сүзіп отырғаны айдан анық.

Олай болса, салалық министрліктің алдағы уақыттағы он қадамы қандай болуы керек?!

❗️Менің ұсыныстарым:

1️⃣ Басқару жүйесі — Менеджмент
Басқару жүйесін толықтай реформалап, өзгерістер енгізу қажет. Карантин уақытындағы қашықтан оқыту толып жатқан жергілікті атқарушы биліктің жанынан құрылған білім басқармаларының, бөлімдерінің түкке тұрғысыз екеніне көз жеткізді.
Білім саласының басқару құрылымының өзіне өзгерістер енгізуді талап етеді.
Толып жатқан шенеуініктер мен саланың ішкі құрылымында әр деңгейдегі жауапты департамент, комитет басшылары бар. Бірақ, өзгерістер мен қателер бойынша неге министр мен вице-министрден басқасын экран жүзінен көрмейміз?! Неге жіберілген қателіктер үшін вице-министр кешірім сұрайды да, мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы үнсіз қалады?!
2️⃣ Ғылыми-зерттеу және әдістеме
Педагогика саласындағы барлық өзгерістерді ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті — Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы.
Осы ұйымның сапасын күшейтіп, заманауи білім беру саласын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге тапсырыс беріп, зерттеу жүргізіп, өз елімізге, ұлттық құндылықтарымызға сай әзірленген стандарт пен оқу бағдарламаларға ғана емес, сонымен қатар барлық ресурстар мен құралдарға ғылыми негіздеме күтеміз.
3️⃣ Цифрландыру
Білім саласын цифрландырудың отандық сапалы өнімдеріне тапсырыс беру керек және әр өңірде, тіпті әр мектепте автономиялығын заңдастыру керек. Бұл киберқауіпсіздік пен ұлттық қауіпсіздік!
Кең жолақты интернетті шалғайдағы ауылға дейін жеткізу туралы 10 жыл бұрын айтылса, неге жауапты сала мен БҒМ-ң жауапты маманы (вице-министр) осы күні желіде алып-қашпа әңгімемен құтылып кеткісі келеді?! Яғни, алдындағы бөлінген қаражаттың ізін тауып, тиісті адамдарды жауапқа тарту керек. Әйтпесе, осы ГПРОН-ң да триллиондары ғайып болады.
4️⃣ Білім мазмұнынынң сапасы
Қашықтан оқыту жүйесі Жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандартыныңда әлсіз тұстарын айқындап, оқу бағдарламалары мазмұнының сапасын көзге сүйелдей басты.
Яғни, «Білім туралы» Заң, Білім беру стандарттары, оқу бағдарламалары жуық арада жаңа сапалы мазмұнға ие болуы кезек күттірмей іске асыратын шаралардың бірі.
5️⃣ Қоғамдық қатынастағы құқықтық мәдениет.
Қашықтан оқыту жеке меншік платформалары мен министрлік арасындағы қарым-қатынас тек іскерлік болуы тиісті. Министрлік мемлекеттік тапсырысты іске асыратын ұйымдастырушы, реттеуші және қаржыландырушы ұйым. Мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізіп, іске асыруына міндеттеме алған орындаушылар өз өнімдерінің сапасына, тұтынушыға жеткізуіне, толық жауап береді.
Білім беру салалық министрлік көзі жойылып бара жатқан құқықтық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың үлгісіне айналуы қажет. Осы орайда, Үкімет, тіпті Президент деңгейінде барлық министрліктерге білім саласын өз тараптарынан қолдауы не үшін қажет екені жайлы «дәріс» оқысада көптік етпейді.
6️⃣Адами ресурс.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырамыз деп жүріп, бұл әдістің іске асырылуына жанталасып, адами ресурстың құндылығы назардан тыс қалған сияқты.
Сондықтан, қашықтан оқыту жағдайында мұғалімнің жұмыс тәртібі мен баланың оқу режимін осы тұрғыда бекіту керек.
7️⃣Мектеп және ғимарат
Осында, енді мектептер қажет болмайды, оларды енді салуға да қажеті жоқ шығар дейді.
Ғасырлар бойы дамыған педагогика мен психология ғылымы әлеуметтік ортаның адамның физикалық, психикалық, адамгершілік, биологиялық, ақыл-ой дамуына ықпалы зор екенін дәлелдеді. Иә, мүмкін оқыту тәсілдері өзгерер, бірақ қарым-қатынас арқылы қалыптасу тәсілдері адам арасында түгелі, жан-жануарлардың арасында да табиғм заңдылықтарға сүйенеді.
8️⃣ Оқу ресурстары
Оқулық, оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендер, оқу әдебиеті — барлығы да цифрланып, кез-келген уақытта қай жерде болмасын тұтынушыға қол жетімді болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер үшін электрондық кітапханаларға, мұражайларға, тағы да басқа білім алуға пайдалы ресурстарға қолжетімді ресурстарды интернет кеңістігінде орналастыруын қолға алу қажет. Әр жерде бір емес — білім беру стандартына сай мемлекеттік бірыңғай платформа. Қосымша материалды талапкер өзі де тауып алады.
9️⃣ Педагог және оның біліктілігі
Педагог-мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру, аттестаттау, тағы басқа шаралар күрделене бермей, оңтайлануын талап етеді. Бұл бағытта министрлік біршама қадамдар жасап жатыр еді. Нәтижесі көрсетер сапасын.
Педагогты даярлаудың жаңа форматын билдыан бастап барлық курстарға бірдей енгізу қажет. Негізгі пәнтермен қатар риторика (шешендік өнер), көркем өнер, ақпараттық технологиялар, тағы басқа біліктілігн арттыратын пәндерді жаппай оқыту керек. Әрине, қашықтан оқытуды ұйымдастыру да осылардың бір тармағы болып кіру қажеттілігі сөзсіз.
🔟 Отбасы институты
Қашықтан оқыту барысында көзіміз жеткені — ата-аналардың педагогтік қабілеттері. Отбасы институтын күшейту керек. Егжей-тегжейлі себептерінің тізбей-ақ, вацапқа кіріп кез-келген видеоны ашсаңыздар үңіліп зерттеуді де қажет етпейді.
‼️ Қашықтан оқытайық, лашықта оқытайық. басты мақсат — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР негізінде ұрпаққа САПАЛЫ білім беру, ал оқушының міндеті — ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ қызмет көрсете алатындай сапалы БІЛІМ АЛУ.
Бар болыңыздар!
Данагүл Смақова (Дана Рау). «Оқулық» республикалық орталығының жетекші сарапшысы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов. Біз балаларымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан пунктердің біріне барып, талапкерлермен әңгімелесті. Бұл туралы ол өзінің ФБ әлеуметтік желісінде...

Мектептердегі карантин талаптарының бұзылуы: 312 тұлғаға 29 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда бірқатар мектепте маска режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік...

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады. Турку университетінің...

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек...

Қошке Кемеңгерұлы. Жат тіл оқыту әдісі

Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар...