25 C
Нур-Султан
30.05.2023

Асхат Аймағамбетовтің ата-аналарға хаты

Құрметті ата-аналар!

Балаларымыздың көктемгі каникулы 16 наурызда басталды. Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде және балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесе алады.

Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ ежелгі грек және мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық.

Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады.

Маған бала кезімде ғылыми фантастика жанрында жазылған туындылар ұнайтын. Айзек Азимовтың, Рэй Брэдберидің, ағайынды Стругацкийлердің, Клиффорд Саймактың, Роберт Хайнлайнның еңбектері қиялымды оятатын. Осы авторлардың туындыларын оқып, күні бойы хикаялардың мазмұнын ойлап жүруші едім.

Осылайша, есейе келе, ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығым артты.  Сондықтан, балаларды осы жанрға баулу өте маңызды деп ойлаймын. Бала күнде оқыған сүйікті туындыларыңызды балаларыңызға ұсынып көріңіздер. Ең бастысы, бала үйде кітапты неғұрлым көп оқитын болса, мектеп бағдарламасын соғұрлым жеңіл меңгеретінін ұмытпаңыздар.

Кітап оқудан бөлек, отбасымен танымдық видеоларды қарауға болады. Мысалы, видеосабақтарды, тренингтер мен ғылыми тәжірибелерді, TED-конференцияларын және т.б. Біздің министрліктің сайтынан білім беру ресурстарының тізімін таба аласыздар. Айтпақшы, қазіргі кезеңде білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейді, яғни тегін болады. Ол үшін біз интернет провайдерлерімен келісім орнаттық. Бұл қосымша білім беру орталықтары, курстар мен секциялар жұмысын тоқтатқан кезеңде өте ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік, болашақта пайдасы тиетіні де сөзсіз.

Ата-аналардың басым бөлігі каникул аяқталған соң, оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын уайымдауда екенін білемін. Қазіргі уақытта оқуды қашықтан жүргізуге көмектесетін ақпараттық жүйелерді дайындап, тестілеудеміз. Кейбір сабақтарды телеарналар арқылы өткізуге болады. Бұл формат біздің оқушылар мен ұстаздар үшін үйреншікті емес, сондықтан педагогтердің жұмысына түсіністікпен және құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Олар оқушыларын сағынды және мектепке келер сәтін асыға күтуде.

Бұл – министрдің емес, жағдайға байланысты балаларымызда кенеттен пайда болған бос уақытты тиімді өткізуді және осы кезең бізді балаларымызбен жақындастыра түсуді қалайтын әкенің ұсыныстары ғана. Балапандарымыздың бақытты болуы біз бен Сізге тікелей байланысты.
Өзіңіз бен жақындарыңыз аман болғай!

Ізгі ниетпен,
Асхат Аймағамбетов

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Саламатсыз ба Менің есімім Жаңылсын 5 баланың анасымын,балдарымның жас айырмашылығы 2002жылғы,2004жылғы,2008жылғы,2010жылғы,2017жылғы.бізде планшет, нонбук жоқ компьютор бар бірақ істен шығып тұрғандықтан, төртеуі бір телефонмен оқиындеп жатыр,сол себептен сіздерден көмек сұрап отырмын уақытша елімізде болып жатқан дағдарысқа байланысты қашықтықтан оқытуға нодбук жағынан көмектесуіңізді сұраймын.тел 87756963664

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...