9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Даниал Ахметов 8-сынып оқушысының ІТ-жобасына қаржы бөлуге уәде етті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 4 метрлік «Голографиялық пирамида» бой көтереді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Оқушылар шығармашылық сарайындағы IT-көрмеге қатысты. Өңір басшысы жас өнертапқыштардың еңбектерін жоғары бағалап, оның ішінде үздік деп танылғандарды іске асыруды ұсынды. Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Камилла Сафинаның «Голографиялық пирамида» жобасы енді аудан орталығында төрт метрлік биіктікте пайда болмақ. Бұл арқылы барлық сипаты бар үш өлшемді нысанның нақты көшірмесін алуға болады. Жобаның негізгі артықшылығы – 360 градусқа дейін шолу жасауында болып отыр.

«Мұндай жобаны кең ауқымда жасап, жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінің алдына қою керек. Балалар Start-up жобасын әзірлесін, ал біз бұл үшін тиісті қаражат бөлеміз», — деді Даниал Ахметов.

Камилла бұл жобаны іске асыру тек IT-сыныптардың ашылуы нәтижесінде ғана мүмкін болғанын атап өтті. Айта кетсек, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы барлық мектептерде төрт бағыт бойынша сандық кабинеттер ашылған жалғыз өңір.

«Тегін IT-сыныптар» партиялық жобасын іске асыру мақсатында тек Глубокое ауданында 147 IT-сынып ашылды. Онда 2230 оқушы робототехника, бағдарламалау және 3Д-модельдеу бағыттары бойынша оқуда. IT бағытында білім алып жатқан балалармен кездесу барысында олардың жоғары қызығушылықтарын көрдім. Сондықтан биылғы жылы 1 қыркүйекке дейін облыстың ІТ – бағдарламалауды оқыту бағдарламасы әлемдік стандартқа сәйкестендірілетін болады. Бұл басты міндет», — деді Даниал Ахметов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...