27.07.2024

Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі таңда елорда меткептерінде 185 мың бала оқиды.

«Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді. Ал 14 мектептегі оқушылар шамадан артық болып отыр. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы бес мың орынға 6 мектеп салынды. Осы арқылы үш ауысымда оқитын үш мектептің мәселесі шешілді. Биыл 10 мың орынға арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды және 12 мың орындық 8 нысанның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», – деді Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қала әкімінің айтуынша, аталған 8 үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі.

«Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен мектептерді салу жағы қарастырылды. 24 мектептің құрылысы жөніндегі инвестициялық жобалар қолдау тапты», – деді ол.

Оның айтуынша, қалада инклюзивті білім беретін сыныптары бар мектептердің саны бүгінгі таңда 64-ке жеткен.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА