19.05.2024

Жемқорлық қылмысы үшін білім бөлімінің басшысы сотталды

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаров орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған», – делінген хабарламада.

21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА