-7 C
Нур-Султан
01.03.2021

Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан.

Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды.

— Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте дарынды оқушы. Мен Диярды 7-сыныптан бастап олимпиадаға дайындап келемін, — дейді физика пәнінің ұстазы Назымгүл Кәрімова.

Дияр 2017 жылы қола медаль, 2018, 2019 жылдары алтын медаль иегері атаныпты.

Ол еліміздегі ең мықты 8 физиктің қатарына енген оқушы.

Ұстазы Назымгүл апайының айтуынша, Дияр еліміздің атынан Халықаралық физика олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Қазір Диярдың қолында Ресей жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті, «Қазақ-Британ» университеттері берген гранттары бар. Және де IELTS халықаралық емтиханының нәтижесі бойынша да жоғарғы көрсеткішке ие, 8,0 ұпайды жинады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Оқушылар біртіндеп мектепке орала бастайды

Көктемнің алғашқы күнінен бастап 1-7 сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады. «2021 жылғы 1 наурыздан бастап...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...