-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

СҚО-да үш балабақшада қазақтілді топтар жабыла ма?

Петропавлда үш мектепке дейінгі білім беру мекемесі сенімгерлік басқаруға беріліп, бұл жаңалық әлеуметтік желіде қоғам белсенділерінің талқысына түсті. Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова бірнеше күннен бері өзектілігін жоймай отырған мәселеге қатысты түсінік берді.

Сенімгерлік басқаруға берілген 3 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазақ топтары жабылады, төлемақы өсті және балабақшалар жекеменшікке өтіп, өз туыстарына берілді» деген ақпарат бірнеше күннен бері жұрттың назарында жүр.

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова бұл жайында өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазба қалдырып, ресми жауап берді.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңға сәйкес сенімгерлік басқаруға берілетін нысандар тізімі анықталды. Үш мектепке дейінгі білім беру мекемесі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға өтті. Соның бірі – Петропавлдағы «Ивушка» бөбекжай-бақшасы. «Есіл Аймақтық Дамыту Орталығы» ЖШС конкурстық құжатты әзірлеп, ол тәуелсіз сараптамадан өтті. БАҚ-та, «СҚО әкімдігі білім басқармасының» және «Центр Развития ГЧП» АҚ ресми сайтында ашық конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысуға үш өтініш түсті. 2019 жылғы 14 тамыздағы конкурстық комиссияның шешіміне орай «Grand-Broker» ЖШС жеңімпаз деп танылды», — деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.

Білім басқармасы жетекшісінің айтуынша, СҚО бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті конкурстың нәтижесін және жеңіске жеткен кәсіпкердің конкурстық құжаттарын тексеріп, заң бұзушылық таппады.

«Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы С.М.Рамазанова бос орынға 2019 жылдың 11 қарашасында тағайындалды. Сол себепті ол конкурстың нәтижесіне еш әсер ете алмайды, әрі қалалық білім бөлімінің бұл конкурсқа еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, қазақтілді топтар жабылмайды. Балабақша төлемақысы да өзгеріссіз қалады» деп жазды облыстық білім басқармасының жетекшісі.

Петропавлда бұған дейін 85 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі болса, соның үшеуі — «Ивушка», «Балдәурен», «Ақбота» сенімгерлік басқаруға берілді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...