08.05.2024

Шымкентте апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген

Шымкентте апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімет таратты.

Басқарманың мәліметінше, қаладағы демографиялық өсімге байланысты үш аусымды мектептер саны 19 болған. Биыл қыркүйек айында 4 мектептің мәселесі шешілген. Аталған проблеманы шешу мақсатында қаладағы білім мекемелеріне жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру және бюджет есебінен мектеп құрылысын салу жұмыстары атқарылуда.

«Қазіргі таңда 11 жекеменшік мектепке 5 454 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылған. Биылғыи жылдың қыркүйек айында 4 481 орынға мемлекеттік тапсырыс арқылы балаларды орналастыру бойынша жұмыс істелуде. Осы жүйе арқылы 2018 жылы 2 400 орынға арналған 4 жекеменшік мектеп ашылса, биыл ондай білім ұяларының қатарына тағы жетеуі қосылған», делінген хабарламада.

Осылайша жыл соңына дейін жекеменшік мектептер есебінен үш ауысымда оқытатын 3 мектептің мәселесін шешу қарастырылған.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА