09.05.2024

Алматы облыстық білім басқармасы балабақшадағы даулы қойылым жөнінде түсінік берді

Алматы облысының Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылында «Бал бұтақ» жекеменшік балабақшасындағы тәрбиешілердің басы дауға қалды.

Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысты балабақшада ұйымдастырылған ертеңгіліктің видеосы жарияланды. Онда бір топ бала қолында ойыншық қаруы милиция рөлінде болса, екінші бір топ бала оларға қарсы транспарант ұстап тұрған.

Осы жайтқа байланысты Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов жауап берді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында бейнеде көрсетілен бағыттағы іс-шаралар қарастырылмаған және де ондай шараларды жүргізуге жол берілмейді. Бұл — жекеменшік балабақшаның өзіндік әуесқойлық қойылымы. Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды. Сондай-ақ, өз тарапымнан, осындай іс-әрекетке жол берілмеуі керектігі туралы және осындай іс-әрекеттерге жол берген осы адамдарға ең қатаң жазалау шаралары қолданылатын мәлімдеймін», — деп жазды Дәурен Жүнісов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел осы жайтқа байланысты Талғар аудандық білім бөлімінің басшылығына да шара қолданылатынын ҚазАқпарат тілшісіне жеткізді.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА