23.05.2024

Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

Қарағандыда «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Өңір әкімінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысуға облыс бойынша барлығы 34 педагогтан өтінім түскен. Олардың 12-сі ғана финалға өтті.

«Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең – «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында, «Дарын» мектеп-интернатында және № 93 гимназияда сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу болды. Қорытынды кезең көпшілік алдында сөз сөйлеу түрінде ұйымдастырылды және ол да бірнеше турдан тұрды. Алдымен, қатысушылар өздерін таныстырып, «ашық микрофон» байқауында ұсынылған тақырыптар бойынша ой бөлісті, содан кейін педагогикалық жағдайды талдады.

 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қарағанды қаласындағы Достық үйінде өтті.

Бас жүлдені және «Жыл мұғалімі» атағын Балқаш қаласының №10 мектеп-балабақша кешенінің оқытушысы Олжас Сауриков жеңіп алды. Бірінші орынды № 97 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олег Те алды. Екінші орынды облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Гүлнұр Қалиева иеленді. Үшінші орын Саран қаласының №2 мектеп-балабақша кешенінің ағылшын тілі мұғалімі Дарья Хохловаға бұйырды.

Барлығына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ «Үздік сабақ» номинациясы бойынша №8 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Гүлнәр Бимендина жеңімпаз атанды.

«Үздік сыныптан тыс шара» номинациясында Шет ауданынан Ербол Қызылов озат болды. Ербол Қазылов Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінен сабақ береді.

«Үздік үй тапсырмасы» аталымының марапаты Сәтбаев қаласының педагогы Меруерт Әбішеваға берілді. Ол Абай атындағы №2 орта мектепте ағылшын тілін оқытады.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Бұқар жырау ауданы Үштөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Алина жеңімпаз атанды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА