23.05.2024

Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін айыпталды. Бұл туралы Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұдан бұрын жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеу аяқталды.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 млн теңге айыппұл салынды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА