21.02.2024

Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі ашылды

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, «Сырым ауданының құрметті азаматы», ақын Бауыржан Халиолланың 40 жас мерейтойына арналған шаралар Сырым ауданы орталығында сабақтасты.

syrym aitys mektebi (4)

Аудандық мәдениет үйі жанынан Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.

– Облыста айтыс өнерінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Жаңыл Жұрмағамбетова, Нығмет Нағымов, Асқар Сұлтанов, Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова, Қатимолла Бердіғалиев, Мэлс Қосымбаевтардың ізін жалғаған Бауыржан Халиолла да аз уақыттың ішінде айтыскер ретінде танылды. Осындай азамат туған жерде айтыс мектебі ашылып, оған айтыстың атасы, абызы Жүрсін Ерманның есімі берілуі елдің мерейін өсірді, — деді сыныптың ашылуында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Махмет Қажиахметов.

syrym aitys mektebi (3)

Айтыс мектебінің жас ақындары Қоңдыкер Елеуов пен Ерасыл Өміржан Орал қаласында өткен «Жырласа, жастар жырласын» атты жас ақындар айтысында І және ІІІ жүлделі орындарға ие болған еді. Айтыста қанатын жаңадан қаға бастаған екі жас ақын көптің алдында арнауларын айтты.

syrym aitys mektebi (7)

Сырым айтыс мектебін салтанатты ашу рәсімі кеңестік және қазақстандық кино және театр актеры, КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асанәлі Әшімовке ұсынылды.

 

Шынар Молданиязова

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...