Home Жаңалық Тараздағы адам шошырлық оқиғадан кейін мектеп директоры мен мұғалім жұмыстан қуылды

Тараздағы адам шошырлық оқиғадан кейін мектеп директоры мен мұғалім жұмыстан қуылды

0
Тараздағы адам шошырлық оқиғадан кейін мектеп директоры мен мұғалім жұмыстан қуылды

Тараздағы жаға ұстатарлық жағдайдан соң мектеп директоры, директордың орынбасарын, мұғалімі мен вахтер жұмыстан бостылды.

Еске сала кетсек, кеше 12 жастағы жасөпірімнің мектеп әжетханасында зорланғаны анықталды. Күдікті барлық бейнебақылау камераларынан анық көрініп тұрған. Алайда емін-еркін жүрген педофильге ешкім мән бермеген.

Білім және ғылым министрлігі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тергеу шараларын жүргізуде.

Білім беру ұйымының басшысы оқу процесі кезінде студенттердің, оқушылар мен білім беру ұйымының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауап беретіндігі атап өтілді. “Осыған байланысты мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі және күзет білім саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімімен қызметінен босатылды.

Министр Жамбыл облысының білім басқармасына зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, үйде жеке оқыту ұйымдастырылды”, – деп хабарлады Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджанов.

Қазіргі уақытта 38 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ресми деректерде оның бұрын ұрлық үшін сотталғаны мәлім болды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here