6 C
Нур-Султан
13.04.2021

Жыр жаттаудан жеңімпаз атанған оқушы 1 млн теңге жеңіп алды

Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылып, оқушылар жыр жаттаудан жарысты. Байқауға 116 мектептен мыңнан аса оқушы мен 600-ден аса мұғалім қатысып, 12 бала ақтық кезеңге өтті. Руханият додасы республика бойынша 6-10-сынып оқушыларының арасында өтті. Байқау аясында қатысушылар 132 бет — 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген және тарихи сөздердің мағынасын ашуға тырысты. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді. Жиында сөз алған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының жетекшілері алдағы уақытта мұндай рухани шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Байқау қорытындысымен қалалық кезеңде 1-орынды Салтанат Мақсұт жеңіп алып, оған 1 млн теңге тапсырылды. Жетекшісі Айгүл Әбдіматоваға 2 млн теңге табысталды.

Ал, 2-орынды Қарақат Қонарбаева иеленіп, оған да 600 мың теңге берілді. Жетекшісі Құрбанкүл Күлбековаға 1 млн 200 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

3-орын алған Әсел Әбдікер 300 мың теңге, жетекшісі Бибайша Садықова 600 мың теңге иелік етті. Оған қоса жеңімпаздар Шымкент қаласы әкімінің арнайы дипломымен марапатталды. Сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар мен олардың ұстаздарын бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов марапаттады.

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге серпін берді. Оның бір дәлелі — «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту бойынша ұйымдастырылған – байқау. Ұрпақ тәрбиелеуде батырлар жырын оқыту, оны қайта жаңғырту игі бастама деп білемін. Біз атадан қалған сырлы сөздер мен бай мұрамыз арқылы жаңғырамыз. «Тұлпар мініп, ту алған!» секілді жобалар негізінде бойына баға жетпес руханият сіңірген, ұлттық рухы мықты ұрпақ өсетініне бек сенімдімін», — деді Ерлан Айтаханов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...