29 C
Нур-Султан
30.05.2023

Білім беру бағдарламасына ұлттық спорт түрлері енгізілмек

Қазақстанда ұлттық спорт білім беру бағдарламасына енгізу қолға алынбақ. Бұл туралы бүгін Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комисссия отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов айтты.

Отырыста вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын таныстырған болатын. Аталған құжатта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағыттарының бірі ретінде білім беру бағдарламаларына ұлттық спорт түрлерін енгізу көзделеді. Бұл өз кезегінде ұлттық спорт түрлерінің танымалдығын арттырып, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін күшейтеді. Дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының артуына септігін тигізеді.

«Оқушылар арасында дене шынықтыру және спорттың танымалдығын арттыру үшін спорттық шаралардың санын арттыру қажет. Ал ауылдық елді мекен тұрғындарын дене шынықтыру және спортқа ынталандыру үшін негізінен оқу орындарында шоғарландырылған спорт инфрақұрылымын пайдаланған жөн. Ағымдағы жағдайды талдау, сонымен қатар балалар, жасөспірімдер және жастар денсаулығын нығайту бойынша негізді басқарушылық шешім қабылдау үшін физикалық дайындық пен физикалық даму мониторингін жүргізу қажет. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықтың денсаулығын нығайту, қолдау және қалпына келтіру үшін дәрігерлік-дене шынықтыру диспаенсерлік жұмыстарды нығайту керек», — деді Елдос Рамазанов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...