-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Германияның оқу жүйесі қандай? Қандай артықшылықтарын көре аламыз?

Германияның бiлiм жүйесi күрделi. Кем дегенде 4 түрлi мектеп бар. Бастауыш мектептен кейiн балаларды қабiлетiне қарай әр мектепке бөледi.

Неміс мектептерінде 1 — өте жақсы баға болса, 6 — ең нашар баға. Бастауыш мектептен кейін оқушыларды үлгерімі мен тәртібіне қарай жай мектептер мен гимназияларға бөліп тастайды. Ал университетке тек қана гимназия оқушылары түсе алады. Германияда жоғары білім тегін беріледі.

Университеттерде арнайы бекітілген бағдарламалар жоқ, студенттер өз курстарының бағдарламасын бірлесе жасайды. Академиялық бостандық сабақтарға кірмеуге, курс бағдарламасын өзгертуге, өз бетіңмен дайындалуға, қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік берген. Университетке түсу үшін ешқандай емтихан қажет емес, неміс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгергендігі туралы қағаз өткізілсе жетіп жатыр.

Кейбiреулерiнiң университетке түсу жолы өте ұзақ болады. Қабiлеттiлерi гимназиядан кейiн бiрден түсiп кете алады. Бiрыңғай тесттен әрқайсысы өтуге мiндеттi.

Осыдан 6-7 жыл бұрын «Бакалавр» мен «Магистратураны» енгiздi. Қазiр модульмен оқытады. Университетте әркiм өз жоспарын өзi әзiрлейдi.

Шетелдік университет қазақстандық ЖОО-лардан ерекшелігі еркiндiгiмен ерекшеленеді. Өзiңе қажет нәрсенi өз еркiңмен оқисың. Сессияда эссе жазатын болсаңыз, я реферат дайындасаңыз, тақырыпты семинарға байланысты таңдауға құқығыңыз бар. Тiптi емтихан түрiн, уақытын да өзiңiз белгiлей аласыз. Сессияны семестрдiң алғашқы апталарында да жауып тастау мүмкiндiгiңiз бар.

Емтихан түрi 15-25 бет эссе жазу, 30-90 минутқа дейiн ауызша реферат презентациясы немесе ауызша емтихан.

Кейбiр профессорлар алдын ала қанша кiтап қолдану керек екенiн айтады. Және де мұндағы университеттерде түрлі жақсы жағдайлар жасалған. Мысалы: кiтапхананың байлығы, кiтапханада интернет арқылы Германия бойынша кiтапқа тапсырыс беру мүмкiндiгi, дүние жүзiндегi үздiк ғылыми дерекқорларға еркiн кiру мүмкiндiктерi, магистратуралық диссертация жазуға арналған кiшкентай, бiр адамдық бөлмелер, өзiңмен алып жүретiн кiлттi кiшкентай жеке шкафтар, cпорттың түр-түрi. Жақсы оқуға университет тарапынан бар жағдай жасалған. Тiптi балалы студенттерге арнайы балабақша да бар.

 

Дайындаған: Гүлжанар Жарқынбекқызы

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...