23.05.2024

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

Моңғолия Премьер-министрі У.Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Аталған нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану туралы мәселелерді реттейді. Сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА