03.05.2024

Орта білім беруде қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр

Осы жылдың қараша айында 69 мың мұғалім аттестациядан өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Халықаралық тәжірибеде білім сапасы PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша бағаланады. Біздің оқушылар бұл зерттеулерге 4 рет қатысты. Соның ішінде бәрі байқалады. Ауыл мен қала арасындағы алшақтық 19-26 ұпайы деп көрсетілген. Ал қазақстандық сырттай бағалау жүйесімен де қала мен ауыл арасында 8 ұпайлық айырма бары көрініп тұр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі үлкен талдау жұмыстарын жүргізді. Осы орайда білім сапасына қандай фактор әсер етеді деген сұраққа тоқталайын. Біріншісі — мектепте жұмыс істеп жүрген мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігі, санатының өсуі. Екіншісі — мектептің жалпы жағдайы. Бүгінде пәндік кабинеттердің жабдықталуы, Интернетпен қамтамасыз етілуі, зертханалардың болуы сынды мәселелер де білім сапасына әсерін тигізеді», — деді ол.

Оның дерегінше, қазіргі күні мектептердің 75 пайызы ауылда орналасқан және олардың 41 пайызы шағын жинақты мектеп саналады. Дегенмен, осы ауыл мектептерінде білім беріп жатқан ұстаздардың біліктілігін арттыру үшін де нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Біріншіден, биыл 150 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатыр. Екіншіден, мұғалімдерді аттестациядан өткізу. Аттестация мұғалімдердің жалақысын өсірудің бірден-бір көзі. 2018 жылдан бастап жалақы мұғалімдердің санаттарына байланысты 30-дан 50 пайызға дейінгі аралықта көтерілді. Бүгінгі күні 123 мыңнан астам мұғалім өз санатын өсірді. Ал биылғы жылдың қараша айында өтетін аттестациялауға 69 мыңнан астам мұғалім қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жылдан жылға сапаны арттыруға сеп болатын фактордың бірі», — деді вице-министр.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА