19 C
Нур-Султан
26.09.2022

Елордада мұғалімдер күніне арналған «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік шара өтті

Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында мұғалімдер күніне арналған «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлады Қазақпарат агентігі.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен әрбір оқушыға ерекше ықыласыңыздың арқасында еліміздің зияткерлік әлеуеті қалыптасуда. Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде алғаш рет педагог мәртебесі туралы заң дайындалып жатыр. Ұстаздар еңбегінің әділ бағалануы ресми құжатпен реттеледі. Мемлекет басшының биылғы тамыз кеңесіне қатысуы мен өз жолдауында ұстаз мәртебесі туралы сөз қозғауы білім беру саласына көңіл бөлініп жатқанын көрсетеді. Елорда ұстаздары жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Бас қаламызды Целиноград кезімен салыстырсақ, ұстаздар саны 5 есе артқан. Бүгінде елордада 0-15 жас аралығындағы 295 мың бала бар. Олардың білімі мен тәрбиесі — сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі», — деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Айтулы шарада 3 мұғалім — Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен, 8 мұғалім — қала әкімінің алғыс хатымен және астаналық 3 ұстаз — ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталды.

«Орта білім беру саласында 20 жылдан астам еңбек етіп келемін. Ұстаздық жолды №18 мектепте бастадым, содан осы мектептемін. Ұстаздық етуге ешкім кездейсоқ келмейді, себебі бұл саланың жауапкершілігі зор. Оның үстіне қала әкімі айтқандай, елордалық мұғалімдер барша ел ұстаздарына үлгі болуы керек. Бұны мақтау емес, жауапкершілік деп қабылдаймыз. Әрине, әр ұстаз марапат пен құрметке лайық, дегенмен ұстаздың да ұстазы бар, олардың еңбегі бағалануы тиіс. Бүгінгі марапатты 20 жылдық еңбегімнің еленгені ғана емес, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістікке жетудің белгісі деп білемін», — деді қалалық №18 мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған ұстаз Қуаныш Қаласова.

Айта кетейік, биылғы ұстаздар күні шарасының ерекшелігі — ол сабақ ретінде өтті. Яғни көрермендер бір сәтке өздерін мектеп партасында отырғандай сезініп, мектеп пәндерін еске түсірді.

Мерекелік кеш эстрада жұлдыздары Қарақат Әбілдина, Айгүл Иманбаева, Мөлдір Әуелбекова, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Ринат Мальцагов және астаналық жас өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...