1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты

Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды.  Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты.

«2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден көтеріп тұрудан әлем рекордын жаңартқан болатын. Ол 1 сағат 2 секунд шыдады. Бұл жолы Ақтөбеде өткен фестиваль кезінде Муса Туркумбаевның көрсеткіші 1 сағат 13 минут 2 секунд болып тіркелді. Кішкентай Муса жыл сайын осы фестивальге қатысып, рекорд жаңартуды әдетке айналдырған. Біз үнемі оны қолдап, аяқ алысын бақылап отырамыз. Қазір дзюдомен айналысып жүр. Спортшы Ақтөбенің мақтанышы, дәулеті», — деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...