27.05.2024

Даниал Ахметов: Барлық мектепте IT-сыныптар ашқан жалғыз өңірміз

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының тұрғындарымен кездесіп, білім мен тұрмыс сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өмір сапасы дегеніміз не? Ол дегеніміз асфальт төселген көшемен жүру, балалардың жақсы мектептерде білім алуы. Облыстағы барлық мектептерде IT-бағдарламалау сыныптарын ашқан еліміздегі алғашқы өңірміз. Бұл үлкен нәтиже беріп жатыр. Біз ұлттың бәсекеге қабілетті лі гін айтқан кезде, бәсекеге қабілетті ұлт – біздің балаларымыз екенін түсінуіміз керек», – деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысы хабарлағандай, келесі жылдан бастап IT-бағдарла мала у сыныптарының барлық мұғалімдері әлемдік талаптарға сай білім алады. Демек, оқушылар да Лондон мен АҚШ-тағыдан кем білім алмайды.

«Елімізде 11 оқушыға бір компьютерден келеді, ал бізде – алтаудан. ШҚО-да IT-бағдарла мала у сыныптарының 70% ашылған. Біз әрі қарай дамып, келесі жылы оқытушылардың дайындығын халықаралық стандартқа шығаруымыз керек», – деп түйіндеді Ахметов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА