-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

Елімізде ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

«ҰБТ өткізу процедурасын өзгертуді жоспарлап отырмыз. ҰБТ кезінде оқушылар алдауға барады — телефондарын алып өтеді, өз біліміне сеніп, көбірек балл алуды ойламайды. Басқа факторлардың көмегімен жақсы тапсырып шыққысы келеді. Сондықтан біз ақырындап ҰБТ-ны электронды форматта тапсыртуды жоспарлап отырмыз. Бізге ҰБТ-ның грант берілу кезінде шынайылық пен әділдікке кепіл болғаны керек», — деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында.

Айта кетейік, Тамыз конференциясына Қазақстанның 2000-нан аса мұғалімі келді. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конференция барысында мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды. «Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын», — деді Президент.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...