20 C
Нур-Султан
26.07.2021

Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

Алматылық оқушы қыз Эльгиза Қаражанова «Fashion TV» халықаралық телеарнасында жүргізуші болуға шақырту алды.

12 жастағы оқушы қыз телеарнада бұрыннан танымал. Ол — «Жара» музыкалық шоуының тұрақты қатысушысы, «Ғаламшардың кішкентай аруы» титулының иегері.

Мәлім болғандай, Эльгиза «Fashion TV» телеарнасында «Новая Волна» белгілі музыкалық байқауының алдағы маусымының күнделігін жүргізетін болады. «Эльгиза 4 айдан бері «KIDS ART FASHION» бағдарламасында жүргізуші болып тәжірибеден өтіп келеді.

Осындай маңызды жобаның бір бөлшегі болуға шақырту алғанымызға қатты қуаныштымыз. Бұл өте жауапты жоба. Эльгиза дайындалып жатыр», — деді анасы Людмила Дорохова.

Түсірілім жұмыстары 23 тамызда басталады. Бірінші бағдарлама 28 тамызда «Fashion TV» эфирінен шығады. Эльгиза Қаражанова соңғы фестивальде белгілі әнші Светлана Лободамен қосылып ән айтқан болатын. «ЖараKIDS» жобасы аясында 18 жасқа дейінгі ең үздік орындаушы атағын алды. Мұның алдында «МузТВ» телеарнасында Яна Рудковскаямен бірге «Балалар ондығы» телебағдарламасын жүргізген.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...