27.04.2024

Елордада «Болашақ кеші – мен елім үшін не істедім?» атты жиын өтеді

2019 жылдың 21 маусымында Нұр-Сұлтандағы «Ritz-Carlton Astana» қонақ үйінде болашақ түлектерімен «Болашақ кеші – мен елім үшін не істедім?» атты жиын өтеді.
Шараның мақсаты – «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы көпшілікті хабардар ету, шетелдік оқу орындары туралы ақпарат тарату.

Кеш барысында бірнеше «Болашақ» түлектері өздерінің жеке тәжірибесі туралы көпшілікпен бөліседі. Олардың жас мөлшері, кәсібі мен тұрғылықты аймақтары әр түрлі. Әр спикер 10 минут ішінде өзі туралы сөз сөйлейді.

Спикерлер «Ситуативті қазақ тілі» үш томдық кітабының авторы Қанат Тасыбеков,  қазақстандық белгілі шахматшы Дәрмен Сәдуақасов, «Nazarbayev University Research and Innovation Systems» де Жер туралы ғылым орталығының директоры Асқар Мұнара және ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Жиын аяқтағаннан кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясы мен әлемнің жетекші университеттеріне көптеген тегін шетелдік гранттар алу туралы кеңес береді.

21-маусым, сағат 19.00-де, «Ritz-Carlton Astana» қонақ үйі,  Байланыс телефондары:8702-725-97-13

 

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА