23.05.2024

Білім министрі баласы ҰБТ тапсырып жатқан ата-аналарға кеңес берді

Жалпы барлық ата-ана қобалжиды. Қазақта «баласы атқа мінсе, анасы үйде тақымын қысады» деген жақсы сөз бар. Сондықтан аналары, ата-аналары тақымдарын қысып, өз балаларына қобалжу күйде отырады. Бірақ, біздің ата-аналарға айтарымыз, емтихан дұрыс  өтетін болады. Сабырлық сақтап, балаларына сеніп, оларға ұрыспай жақсылап жағдай жасау керек. Өйткені, ата-аналардың өздері қобалжып тұрса, ол балаларына да беріледі. Асықпай, сабырлық сақтап шығарып салып, қарсы алған жөн», – деді министр бүгін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге сәттілік тілегеннен кейін.

Сонымен қатар ол биылғы жылы тест сұрақтары 30 пайызға жаңартылғанын айтты.

«Ең басты мәселе  тест сұрақтарын жай ғана жаңартуда емес.  Тестте «Қай жылы туды?, нешеу бар?» деген сияқты жаттанды дүниелерді сұрамауымыз керек. Ең бастысы – функционалды сауаттылық,  баланың логикалық ойлауы, алған білімін пайдалана білуі. Сондықтан біз тест сұрақтарын осындай тұрғыда біртіндеп өзгертудеміз», – деді ол.

Білім министрі баласы ҰБТ тапсырып жатқан ата-аналарға кеңес берді

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА