08.05.2024

ҰБТ тапсыратын түлектерге ескертер 8 мәселе…

Барша 2019 жылғы түлектерге сәттілік тілей отырып, мына сегіз мәселені ескерткім келеді.

1. Әр түрлі қитұрқы ақпарат өте көп тарайды, сол үшін де ешқандай ақпаратқа мән бермеңіздер. Ватцап немесе әлеуметтік желі мен сайттар таратқан ақпаратқа мән бермеңіздер… Басты мақсаттарың тек қана ҰБТ-ны сәтті тапсыру болсын!

2. Ешқандай шпорға сенбеңіздер. Шпордан ешқандай пайда жоқ. Ол — алаяқ бизнес.

3. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, қайратың мен ақылың екі жақтап» деген Абай аталарыңа ғана сеніңдер… Яғни, тек өзіңе сен! Басқаға көңіл аударма!

4. Қорықпа, абыржыма, одан өзіңе келер пайда жоқ. Өзіңді өзің шаршатпауға тырыс!
Ата-анаңмен, достарыңмен басқа тақырыпта ғана сөйлес, ҰБТ немесе грант жайлы әңгіме енді керек емес, бұйырғаны болады, оны айтқаннан пайда жоқ, зиян көп.

5. ҰБТ-да таңдау пәндерін бояйтын ұяшықтарды алмастырып алма! Өзіңе абай бол!

6. ҰБТ-дан бір-екі күн бұрын ұйықта, жақсылап тамақтан, дем ал! Кітап қарасаң тек формула, ұсақ теорияға ғана бір сағат уақыт жұмсап көр. Одан қалған 23 сағат жақсылап дем ал. ТЕЛЕФОНҒА, әлеуметтік желіге мүлде қарама. Ұстама!

7. Тестте бірінші барлық білетін сұрақтарыңды бірден істеп таста, бір пәнге «қиын» деп алдымен көп отырып шаршап қалма, шаршаған кезде оңай пән де қиын болып кетуі мүмкін!

8. ҰБТ-да сергек отыр, аудиторияда болатын жайттарға мән берме! Алдын-ала аудитория бойынша топтарға кіріп текке бас ауыртпа!
Барша түлектерге сәттілік тілей отырып, өз білімдеріңді дәлелдеулеріңізге тілектеспін!

ҰБТ жарқын өмірдің, армандаған мамандықтың қақпасын ашар кілт болсын!

Сәт сапар, жас түлек-2019!

 

Құрметпен, Республикалық «QAZBILIM» орталығы
директоры Аятжан Ахметжанұлы

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА