18 C
Нур-Султан
21.09.2023

ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма?

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Дегенмен, оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.

«2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ал грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет», — делінген министрліктің ақпаратында.

Биыл елдегі мектеп бітіруші түлектердің 71,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады.

Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.

«Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер «Шет тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша тестілеуден босатылады», — дейді министрліктегілер.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ақылы оқуға түскісі келетіндерге қатысты болып отыр. Бұған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.

Атап айсақ, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік-техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...