19.05.2024

ҚР БҒМ шетелдегі қазақтар үшін магистратура, докторантура бойынша білім гранттарын ұсынды

Білім және ғылым министрлігі ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін білім гранттарын ұсынды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы»хабарлады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:
1 Бакалавриат – 25
2 Магистратура – 125
3 PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: Осы араны басу арқылы.

Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА