29 C
Нур-Султан
30.05.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев озат оқушылармен кездеседі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ержан Ерсайынов 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қандай іс-шаралар өтетінін айтты.

1 маусымда Республикада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам іс-шара өтеді.  Оның ішінде 154 қайырымдылық шарасы жоспарланған. Балалар мерекесіне арналған  негізгі шараның бірі ертең болады. Яғни, 31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада оқу озаттарымен кездеседі», — деді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.

Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі түрлі жағдайларда ерлік жасаған  «жас батырлармен» кездеседі. Сондай-ақ,  бұл күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» аумағында «Жұлдызай-2019» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің дәстүрлі гала — концерті өтеді.

«1 маусым күні республиканың барлық өңірінде балалар мен жастар ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі ұйымдастырылады. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық «Нұрлы болашақ» акциясын жариялаған болатын», — деді министрлік өкілі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...