23.05.2024

Түркістан облысында оқушылар жүргізушілерге ой салар хат жазды

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында полиция басшылығы мектеп оқушылары арасында «Жүргізушіге хат» шығармашылық акциясын өткізді. Шарада жасөспірімдер жылдамдықты асырып, жол белгілеріне назар аудармайтын жүргізушілерге тілектерін жеткізді, бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

Мектеп жасындағы  балалардың хаттары көлік жүргізушілеріне тікелей бағытталды. Жасөспірімдер өз хаттары арқылы қарсы бетке шығып немесе мас халде көлік жүргізетін, жол апаттарына себепші болатын жүргізушілерге ой салатын сөздер жазды. Жол апаттарын болдырмау мен алдын алу бағытында өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Қымбатты жүргізуші ағай, қоғамдық көліктің қызметін күнделікті пайдаланамыз: онымен жұмысқа барамыз, үйге қайтамыз. Көлікті абайлап жүргізсеңіз, барлығымыз аман боламыз, апаттардан сақ болу- өз қолдарыңызда! Сапарыңыз сәтті болғай», делінген хаттардың бірінде.

Жетісай АПБ бастығы Ермахан Абдрамановтың айтуынша,  жол ережелерін қатаң бұзуға жол берген жүргізушілерге осы хаттар ой салуы  бек мүмкін.

«Көлік тізгіндеген азаматтарды  жазалап, айыппұлдар салынып жатса да, оған себепшілер саны азаяр емес. Сондықтан да ақ қағаз арқылы  жүргізушіге талап-тілегін жеткізген оқушылардың пікірі арқылы заң бұзушылықтардың алдын алмақпыз. Акция барысында оқушылар жазған материалдар әрбір көлік тізгіндеген жүргізушіге көрсетілетін болады. Бұл хаттар  жол апаттарының орын алмауына ұйытқы болады  деп  сенеміз»,- дейді Ермахан Абдраманов.

Шығарма жазғандардың арасынан Оңалбек Салтанат үздік деп танылып, өзінің хаты арқылы ерекшеленді. Жеңімпаз қыз Жетісай АПБ басшысының атынан «Алғыс хатпен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түркістан облысында оқушылар жүргізушілерге ой салар хат жазды
Түркістан облысында оқушылар жүргізушілерге ой салар хат жазды

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА