-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

Атырауда үш ауысыммен оқытатын он үш мектеп бар

Атырау қаласында мектептер көптеп салынып жатса да үш ауысыммен оқуды мүлдем жоя алмай отыр. Қазіргі күні қалада мұндай он үш мектеп бар, оларда жоспарланған он мыңға жуық оқушының орнына 24 мыңнан астам бала барады. «Нұрсая», «Жұлдыз», «Алмагүл», «Тасқала» ықшамаудандарында орналасқан мектептер қазіргі есеппен 14 800 балаға артық.

-Орта білім беру мекемелеріндегі үш ауысымды жою үшін жиырмаға тарта мектеп салу жоспарланып отыр. Қазір «Береке» ықшамауданында 1200 орындық, «Нұрсаяда» — 900, «Жұлдыз-1»-де – 624, Дамбы поселкесінде үш жүз орындық мектеп салынып жатыр. Әрқайсысы алты жүз оқушыға лайықталған сегіз мектеп әлеуметтік-әріптестік негізінде салынбақ. Бұдан бөлек, тағы сегіз мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, — дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фируза Шангереева.

Үш ауысымды амалсыздан қолданып отырған мектептің бірі – қаладағы Абай атындағы №15 мектеп. Мұнайлы астананың орталығында орналасқан білім мекемесінің мектепалды даярлық тобында 106 бала оқиды. Үш қазақ, үш орыс сыныбы бар. Бұл топтарға топтап отырғанымыз, үш ауысымның нағыз «қызығын» көретін — осы бүлдіршіндер екен. Таратып айтсақ, таңертең бір сынып бес сабақтан 11.40 сағатта шыққаннан кейін оған мектепалды даярлық топтары кіргізіледі. Олар 14.00 сағатқа дейін оқып, сыныптарды келесі ауысыммен оқуға келгендерге босатып береді.

-Біздің мектебіміздің жан-жағында жұмыс орындары көп. Әкімдіктерден бастап, Атырау Мемлекеттік университеті, ірілі-ұсақты кеңселер маңайда көп. Оларда жұмыс істейтіндердің көпшілігі баласын осында бергенді қолайды көреді. Біз алғашқы кезекте ықшамаудан тұрғындарының балаларын қамтуға тырысамыз, алайда, қазіргі күні оқушыны тұрғылықты жеріне қарап алу жөніндегі ереже өзгерген, — деп түсіндіреді Абай атындағы №15 мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлайым Акимова.

Мәселені шешу үшін білім ошағының басшылығы ауладан қосымша бастауыш сыныптар ғимаратын салуды сұрап отыр екен.

Бір байқағанымыз, орыс тілінде оқытатын мектепке дейінгі даярлық сыныптарында бала саны көп. Көптігі сондай, кей сыныптарда 38 балаға дейін жетіп отыр. Ұстаздар мұның себебін соңғы жылдары қазақы өңірде ұл-қызын халықаралық тілде оқытуды қалаған ата-аналардың саны артқанымен түсіндіреді. Көп жағдайда, оларды баласының қазақтілді балабақшада тәрбиеленгені де, аймақта орыс сыныптарына сабақ беретін мұғалімдердің өте-мөте тапшы екендігі де райларынан қайтарып отырған жоқ.

Жақында БАҚ өкілдерімен болған кездесуде қалалық білім бөлімінің басшылығы бүгінде орыс сыныптары үшін 336 педагогтың қажет болып тұрғанын жеткізген еді. Орыстілді мұғалімнің тапшылығынан 120 зейнет жасындағы ұстазбен бір жылға келісім-шарт жасалып, олардың мектептерде жұмыс жасау мерзімі ұзартылған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...