23.05.2024

Қызылордалық оқушылар smart-киіз үй ойлап тапты

Қызылордада мектеп оқушылары smart-киіз үй ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Робототехника федерациясы жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттер арасында чемпионат ұйымдастырып келеді. Бүгін Қызылорда қаласында робототехникадан аталмыш шараның облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Онда Шиелі ауданындағы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Диас Шәмен Диас мен Жәния Әлібаева Smart-киіз үй жобасын көпшілікке таныстырды.

«Киіз үй роботтар көмегімен жүреді. Күн, жел энергиясымен жарықтандырылады.Киіз үй -қазақтың ғажайып туындысы. Сондықтан біз заманауи үйден гөрі киіз үйді қайта жаңғыртып, бүгінгі күнге лайықтап жасауды мақсат еттік», – деді жобаны жасаушының бірі Жәния Әлібаева.

Аталмыш шара барасында ғылыми жобалар бойынша қатысушы мектеп оқушылары әжелердің ұршығын айырбастайтын жіп иіргіш робот, желдеткіш, балама энергия көздерімен жұмыс істейтін наубайхана, шөп оратын машинаны бақылайтын ауылшаруашылық базасын ойлап тапқан. Аталған жобалардың барлығы дерлік смартфон арқылы басқарылады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА