26.05.2024

Мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылды

Мектептерде физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді курстар арқылы даярлау тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің мектептерінде физика, химия, биология және информатика пәндерін 11 мың мұғалім ағылшын тілінде беріп отыр. Олар алдымен 3 айлық, кейінен 8 айлық тіл курсында білім алған.

«Келесі жылдан бастап мұғалімдерді айлық курстан өткізетін қаржыны педагогикалық ұйымдарға жұмсайтын боламыз. Яғни, педагог мамандардың университет  қабырғасынан тіл меңгеріп шығуына бағыттаймыз. 2016 жылы алғаш рет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыс берілді. Алғашқы 1200-ге жуық түлек 2020 жылы бітіреді. Сондықтан мұғалімдерді оқыту курстары тоқтатылды», – деді ол.

Оның айтуынша, балаларды үш тілде оқыту біртіндеп, мұғалімнің және мектептің дайындығына байланысты жүргізіледі.

«Бұл жерде «алдыға жан салмай проблеманы шешеміз», деп жүгіріп бара жатқан ешкім жоқ. Рет-ретімен жасаймыз»,-  деді Күләш Шәмшидинова.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА