26.05.2024

Мектептен бастап еңбек нарығына бейімделу керек – Күләш Шәмшидинова

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім сапасын арттыруға қатысты шараларды түсіндірді.

Министрдің айтуынша, бүгінде мектептен бастап еңбек нарығына бейімделу керек. Осыған байланысты белгілі бір мамандыққа сұраныс бола ма, жоқ па, осыны қазірден бастап ескерген жөн.

«Мысалы, steam-оқыту, stream-оқыту сияқты тәсілдер бар. Математика, информатика, химия, физика мен биология сияқты пәндерді интеграциялауға болады. Соның арқасында балалардың жүктемесін де азайтуға мүмкіндік бар. Ең бастысы, пәндердің мазмұны бір-бірін қайталамай, балаларды дамытуға көмектесуі керек. Бүгінде кәсіптік-теxникалық және жоғары білім саласында да мамандарды еңбек нарығына қарай даярлау қажет», – деді К.Шәмшидинова журналистерге берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, оқу бағдарламалары да заман талабына сай болуы шарт. Ал мамандардың бойындағы анализ, синтез, қорытынды жасау және тағы басқа қабілеттерді күшейту керек.

«Ондай оқу бағдарламаларын бір күн ішінде жасауға бола ма? Жоқ. Белгілі бір өтпелі кезең бар. Сол кезде біз барлық оқу бағдарламаларын қайта қарап, соған қарай мұғалімдерді де дайындаймыз. Сөйтіп, біртіндеп жаңа оқу бағдарламаларына көшеміз. Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында оқу бағдарламаларын заман талабына сай етіп жаңартуды тапсырды. Сондықтан біз орта білім деңгейіндегі оқу бағдарламаларын заман талабына сай өзгертуді көздейміз. Мәселен, Финляндияның білім беру жүйесін бәрі біледі. Ол жақта балаларды концептуалдық білім негізінде оқытады», – деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА