09.05.2024

ШҚО-да 655 мектепте IT-сыныптар ашылды

Шығыс Қазақстанның жалпыға білім беретін барлық мектептері IT-сыныптармен жабдықталуда.

«Менің мектебім» өңірлік жобасы аясында өткен жылы толық жиынтықты 277 мектеп Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарты бойынша пәндік кабинеттермен, заманауи ІТ және робот техникасымен жабдықталған болатын.

Енді олардың қатарына шағын жиынтықты 378 мектеп қосылады. Қазір аталмыш білім ошақтарын ІТ-сыныппен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Ол үшін облыс бюджетінен 900 миллион теңге бөлінген.

Ал қыркүйекте барлық шалғай ауылдардағы шағын мектептерде 500 актив-панел орнатылмақ. Олар соңғы цифрлық технологиялар негізінде, оқушыларға жаратылыстану пәндерін еркін және сапалы меңгеруге толық мүмкіндік береді.

«ІТ-сыныптарда бағдарламалау және модельдеу» пәніне оқыту үшін Семей қаласының Электротехника колледжі базасында облыстың шағын жиынтықты мектептердің 573 мұғалімі арнайы курстық дайындықтан өтті. Барлық мұғалімдер әдістемелік құралдармен, арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл балалары үшін бағдарламалау, 3D модельдеу және мехатрониканы оқып үйренудің жаңа мүмкіндіктерін ашады» — дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Бүгінгі таңда өңірдегі шағын жиынтықты мектептерде 25 мың бала білім алып жүр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА