2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Сарапшы интернетті қазақстандық білім беру контентімен толықтыруға шақырды

Білім беру саласында ғаламторды қазақстандық контентпен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Юлия Кучинская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

«Бүгінде баршаға қолжетімді YouTube арнасы білім беру контентімен толықтырылған, алайда ол қазақстандық емес. Қазіргі кезде министрлік пен партия мақсаттарының бірі ғаламторды қазақстандық контентпен қамтамасыз етуге арналған. Осы қадамдар арқылы балаларды дамытуға тиісті үлес қосуға болады», — деді Ю. Кучинская «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі қарсаңында білім саласына арналған панельдік сессия кезінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар сарапшы бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде көп реформалар жүргезілгенін атап өтті.

«Бұл жаңа қадамдарды түсіндіру бір мағыналы әрі бірдей болуы үшін барлық өңірлерде реформалар біркелкі іске асырылуы маңызды», — деді ол.

Осы орайда ол заңнамалық тұрғыда елеулі жұмыстар атқарылғанын айтты. «Заңдар қабылданып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Ал кейіннен жүзеге асыру кезеңіне жеткенде, кейбір мәселелер туындап жатады. Толыққанды іске асыру үшін ресурстар жетіспейді немесе лайықты деңгейде көңіл бөлінбейді. Енді Үкіметтің жаңа құрамы алдында осы мәселелерді шешу міндеті тұр. Атап айтқанда, бүгінде туындаған қиындықтарды еңсеруге ұмтылу қажет», — деді сарапшы.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...