23.05.2024

ВВС басылымы күніне бір сағат кітап оқудың адамға қалай әсер ететіні туралы мақала жариялады

Барак Обамадан бастап Илон Маскқа дейін көптеген танымал адамдар кітап оқығанды жақсы көретінін жиі айтады. ВВС басылымы күніне бір сағат кітап оқудың адамға қалай әсер ететіні туралы мақала жариялады.

«Кітап оқу адамның мансабына оң әсер ете алады. Жаңа ақпарат алып, білім игеруді айтпағанда, кітап оқу күйзелісті азайтып, ми жұмысын жақсартады. Сонымен, кітап оқуды әдетке айналдыру үшін не істеу керек?», деп жазады басылым.

«Зерттеушілердің айтуынша, орташа есеппен әр британ азаматы күн сайын екі сағат 49 минут уақытын телефонға жұмсайды екен. Яғни, кітап оқуды көбейту үшін телефон қолдану уақытын азайту керек», – дейді автор.

Оның айтуынша, кітапты көп оқуға ниеті бар адам алдымен өзіне ұнайтын кітаптан немесе жанрдан бастағаны жөн.

«Өзіңізге ыңғайлы форматты табыңыз. Біреулерге қағаз кітап ұнаса, кейбірі электронды кітаптарды жылдам оқитындарын айтады. Сонымен қатар аудиокітап форматы туралы да ұмытпаған жөн», деп жазады автор.

Мақала авторының айтуынша, кітап оқу туралы бойына қорқыныш ұялататын мақсат қоймаған жөн. Мысалы, жылына жүз кітап оқимын немесе таңғы төртте тұрып үш сағат бойы кітап оқимын деген мақсат өзіңіз қанша қаласаңыз да,  түпсанаңызда қорқыныш сезімін туғызады.

Сонымен қатар автор «Елу бет» әдісін ұсыныпты. «Кез келген кітапты оқып жатып, ары қарай жалғастырғыңыз келмей қалса, төртінші бетін оқып жатсаңыз да, елу бетке жеткізуге тырысыңыз», дейді автор.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА