19.05.2024

Білім және ғылым министрі жаңадан тағайындалды

Президент Жарлығымен Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. 

1958 жылы   4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетінің түлегі.

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысындағы, Коксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте болды. 1986 – 1991 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы, Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы, 1991 – 1992 жылдары Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары.

1992 – 1996 жылдары №18 Б.Жолбарысыұлы атындағы мектеп директоры, Талдықорған қаласы. 1996 – 2002 – Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице – министр, 2005 – 2007 жылдары – «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры. 2007 – 2009 – ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице – министр, 2009 жылдың қазан айынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болып қызмет атқарған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА