27.05.2024

СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

«Көп жылдар бойы қаржының жоқтығынан мектептерді жөндеуге 400 млн теңге бөлініп келді. Биыл 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бөлінді. Бұл мектептерде 35 мың оқушы оқиды», – деді Құмар Ақсақалов.

Қазір Петропавл қаласында 2 400 орынға шақталған 3 мектеп салынуда. Сөйтіп, үш ауысымдағы мектептердің мәселесі шешімін табады. Өңір басшысының айтуынша, облыстағы 3-6 жастағы балалардың барлығы балабақшамен қамтылған. Былтыр ашылған Оқушылар сарайында 1,5 мың бала қосымша білім алады.

Айта кетерлігі, «Digital URPAQ» сарайы – Елбасының солтүстікқазақстандық балаларға жасаған сыйы. Қазіргі уақытта мұнда роботтық техника, көркемөнер, мәдениет, ғылымдарды қамтыған 87 үйірме бар. Осының арқасында қосымша біліммен қамту 91% жетті. Сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жаңа оқу-зертхана корпусы салынады. Студенттер үшін 2 мың орындық 5 жатақхана тұрғызылады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА