19.05.2024

Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек.

Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр.

«Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін 2021 жылға дейін кешенді жоспар құрылған. Биыл 7 мектеп пайдалануға беріледі. Және 15 мектептің іргетасы қаланады. Сондай-ақ 8 білім ордасының жобалық-сметалық құжаттары реттеліп жатыр. Осылайша үш ауысымды мектеп мәселесі кезең-кезеңімен өз шешімін таппақ», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА