-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді

 Көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Жалпы табысы 3 күнкөріс минимумынан төмен көпбалалы отбасылардың балаларына Астана қаласының ЖОО-ларда оқу үшін жекелеген гранттар бөлінетін болады. Бұл — қосымша 25 млн теңге. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қажет етілетін жұмысшы мамандығын алу үшін қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Білім алу барысында жатақхана беріліп, жол жүру мен тамақ тегін болады, шәкіртақы төленеді», — деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала басшысы елорданың жоғары оқу орындарын бітірген түлектер Жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алатындығын айтты.

«Бұл ретте мансап жолында одан ары өсу үшін қажетті жұмыс тәжірибесін алатын болады. Ал Бизнестің жол картасы бойынша  кәсіпкерлік негіздерін оқып, қажетті барлық кеңестерді ала аласыздар және жеңілдікті несиені субсидиялау бағдарламасына қатысуға мүмкіншілік бар», — деді Б.Сұлтанов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...