31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Министр 10-сынып оқушысын марапаттады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Астанада бес жасар баланы құдықтан алып шыққан мектеп оқушысын марапаттады. Министрдің бұйрығымен Нәдір Омарғазиевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

«Нәдір ерлік жасады, ешкімнен көмек сұрамай, баланы құтқарып қалды. Полицейлер оқиға орнында үнемі бола бермейді. Осындай уақытта Нәдір шешім қабылдап, кішкентай баланы құтқарды. Ата-анасына берген тәрбиесі үшін алғысымды білдіремін, мектепке де ризашылығымды айтқым келіп отыр», —  деді Е.Тұрғымбаев марапаттау рәсімінде. Осыдан кейін министр мектеп оқушысына төсбелгіні тағып, естелікке смартфон сыйлады. Министрдің айтуынша,  Нәдір құқық қорғаушы болғысы келсе, оған Ішкі істер министрлігінің академиясында арнайы квота беріледі.

Шара кезінде Нәдір Омарғазиев те сөз алды. «Мен бұны ерлік деп санамаймын. Меніңше, өтіп бара жатқан кез келген адам солай істейді деп ойлаймын», — деп атап көрсетті Н.Омарғазиев.

Айта кетейік, 15 ақпанда №39 мектептің оқушысы Нәдір Омарғазиев бес жасар баланы құтқарды. №39 кешкі мектептің директоры Анар Қожахмет те шәкірті туралы айтып берген болатын. «Нәдір Омарғазиев көпшіл, талантты және өте тәрбиелі бала. Ол көпбалалы отбасынан шыққан және оның бес бауыры бар. Омарғазиевтер әулеті жалдамалы пәтерде тұрады», — деді Анар Қожахмет. Оның айтуынша, Нәдір ән салғанды ұнатады және танымал әнші болуды армандайды. «Дүйсенбі күні мектепте салтанатты шара ұйымдастырылады. Онда мектеп басшылығы Нәдірді ерлігі үшін марапаттайды», — деді директор.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...