-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Елбасы Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды. Фейсбукте тараған мұрағаттық видеороликті ҚР Президентінің телерадиокешені жариялады.

Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді.

Елбасының айтуынша, Қазақстанның жастары үшін барлық «есік те, жол да» ашық. Жастар бүкіл әлемдегі қатарластарыммен араласып, білім алуда, қалаған жерінде өмір сүруде.

«Сондықтан жастар жастық шақтарында ең алдымен іргелі базалық білім алуға ұмтылуы тиіс.  Жастық пен мүмкіншіліктерді қайдағы жоқ түрлі көңіл көтеруге жұмсамағаны жөн, олар содан кейін де келеді. Ең алдымен, олар білімді адам болуы тиіс. Өйткені, жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр. Адамдар арасындағы бәсекелестікте кім білімді болса сол жеңіске жетеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жастар оқудан кейін қайда жұмысқа орналасса да кез келген жұмыста өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиістігін баса айтады.

https://www.facebook.com/trkprezidentark/videos/2234983643384682/?t=2

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...