18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қазақстандық оқушылар байқауға қатысу арқылы грант ұтып ала алады

Қазақстандық мектеп оқушыларына «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауында грант ұтып алу мүмкіндігі беріліп отыр.

«Қазақстанда алғаш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы басталды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастыруда. Басты мақсат —  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру», — делінген Білім және ғылым министрлігі мәліметінде.

Белгілі болғандай, аталған байқауға Қазақстан азаматы болып тіркелген 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелердің 1-курс студенттері қатыса алады.

«Қатысушылар үшін арнайы сый қарастырылған, яғни үздік жоғарғы университеттердің бірінен оқу гранты (тек 11 сынып оқушыларына қатысты) берілмек. Одан бөлек, қатысушыларға арналған түрлі бағалы сыйлықтар да ойнатылады», — делінген таратылған хабарламада.

Байқау онлайн форматта itest.kz платформасында өтеді. «iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы   2019 жылдың 1 ақпанынан осы жылдың 20 маусымына дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен сайыс нәтижелерін жариялау салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтеді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...