31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Елордағы ата-аналар білім саласы бойынша өз ойларын ортаға салды

Астана қаласының білім басқармасы жыл сайынғы азаматтарды қабылдау күнін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық қабылдау М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. Онда ата-аналарды білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин және орынбасарлары мен барлық бөлім басшылары қабылдады. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Ең көп сұрақ қосымша білім беру бөлімінің мамандарына қойылды. Сондай-ақ, ата-аналарды кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері қызықтырды.

«Ашық есік күні» форматындағы кездесулер өткен жылы басталған болатын. Шара мақсаты — елордалық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін өзекті сұрақтар мен мәселелерді шешу арқылы басқарма мен қоғам арасында «сындарлы диалог» құрып, өзара байланыс орнату және өзекті сұрақтарға жауап беру.

«Кездесуге келе алмағандар өз сұрақтарын әлеуметтік желілер арқылы жолдады», — деді білім басқармасының стратегия және сандық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Одан бөлек, мектепке қабылдану үшін қандай құжаттар керектігі, жол жүру жеңілдігі, көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер қарастырылғаны жайлы қосымша ақпараттар жазылған парақшалар таратылды. Осы жерде қосымша ақпарат алу үшін білім басқармасы мамандарының телефондары да көрсетілген.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...