7 C
Нур-Султан
22.09.2021

Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

Семейде мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle»  атты конкурс өткізеді. №30 жалпы білім беретін орта  мектептің он бірінші сыныбында  оқып жүрген семейлік Надир Сабитов конкурстың грантын жеңіп алып, қаңқасыз  жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының  тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», — деді Н. Сабитов.

Оның цехы шығаратын пуф-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және көмекші. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын  бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...