-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Елордада сингапурлық білім беру жүйесі бойынша мектеп, колледж ашылады

Астанада сингапурлық білім беру жүйесі бойынша балабақша, мектеп және колледж ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды Қазбілім әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және сингапурлық «Pegasus Education Group» компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«Жобаның басты мақсаты: «Астана қаласында үздіксіз білім алу үшін — балабақша — жалпы білім беретін орта мектеп — кәсіби техникалық колледж — білім беру орталықтарын құру». Бұл жоба сингапурлық білім беру жүйесінде қолданылатын тәжірибенің негізінде жүзеге асырылмақ», — делінген хабарламада.

Болжам бойынша бірінші кезеңдегі жалпы инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап,  жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Қала әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер телімі түрінде мемлекеттік несие беру, қажетті инфрақұрылымды құру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жан басына қаржыландыру сияқты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады.

Инвестор өз кезегінде жобаны тиісті сипаттамаларына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, шетелдік инвестор Астанада кемінде 200 (екі жүз) орынды балабақша, кемінде 2 000 (екі мың) орынды мектеп және кемінде 2 000 (екі мың) орынды колледж ашпақ. Жобаның операциялық қызметінің шеңберінде жалпы педагогикалық қызметкердің 30 пайызына қазақстандық педагогтар тартылып, түлектердің халықаралық дипломдар мен/және сертификаттарды алу мүмкіндігі бар халықаралық бағдарламаларды енгізіледі.

Айта кетерлігі, «Pegasus Education Group» компаниясы өз қызметін 1986 жылы бастаған болатын. Ол Сингапурда үздіксіз білім берудің жеке білім беру желісін құрды. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20-дан астам білім орталығын басқарады. Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелсе, компания АСЕАН шеңберінде білім беру саласындағы ең үздік жеке компаниялардың бірі болып танылды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...